Бюрабекова Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны күзде болжанып отырғанын айтты
Бюрабекова Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны күзде болжанып отырғанын айтты
© inform.kz
218
оқылды
Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны күзде болады деп болжанып отырғанын айтты. Вице-министр Людмила Бюрабекованың айтуынша, шілде айында алдын ала есептеу жүргізіліп, коронавирустың таралуына қатысты болжам әзірленген болатын. Оған сәйкес, ауруханаларда қосымша төсек орындарды жасақтау жоспарланған. Жансақтау бөлімдерін кеңейту шаралары да қарастырылған. Бастапқы болжамда коронавирусқа шалдыққан науқастар ғана есепке алынды. Ал 1 тамыздан бастап Қазақстанда коронавирус пен пневмонияның статистикасы біріктірілді. Осыған байланысты болжамды қайта қарау туралы шешім қабылданып отыр.
"Демек, бізге бәрін қайта есептеп шығу керек. Қазір әлем бойынша коранавирустың екінші толқыны туралы айтып жатыр. Күзде болады деп отырмыз. Сол кезде вирустық инфекциялар, тұмау сынды маусымдық аурулар да көбейеді. Осының бәрін болжамда көрсету керек. Жақын арада біз осы құжатты жариялаймыз", - деді Бюрабекова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.