"СК-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев қанша жалақы алатынын айтты.
– Жалақым 750 мың теңгеден басталады, бірақ жұмысқа кіріскеніме бір ай болған жоқ әлі, жалақымның деңгейін келесі кеңесте бекітуіміз керек, – деді ол брифингте.
Оның айтуынша, компанияда әкімшілік шығындарды қысқарту жөніндегі жұмыс тобы жұмыс істеп жатыр. Соның нәтижесінде аренда шығындарын 10% және жекелеген алаңдар санын 20%-ға қысқарту жоспарланған.
Бұрын тек қана мемлекеттік медициналық мекемелерге дәрі-дәрмек жеткізетін "СК-Фармация" енді бөлшек саудамен айналысатын дәріханалар желілерімен жұмыс істемейтін болады
– Шекті бағаларды Денсаулық сақтау министрлігі реттейді. Біз өз бағамызға логистика мен сақтау шығындарын ғана қоспақпыз. Біз өз бағаларымызды ашық көрсетуге тырысудамыз, біз үшін бастысы – қажет жерлерде дәрі-дәрмектің жеткілікті көлемде болғаны. Бұл жерден ақша табу мәселесі қарастырылмайды. Жұмыс тобы аясында осы мәселелерді реттеуге тырысамыз, – деді Есқалиев.