Синоптиктер 8-10 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Қазгидромет РМК.
«Алдағы үш күн ішінде Қазақстан аумағы арқылы оңтүстік циклон өтеді, онымен еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстік-батыста кей жерлерде қатты нөсер жаууы ықтимал. Кей жерлерде дауыл тұрып, бұршақ жауады. Тек еліміздің шығысында күн райы ашық болады. Еліміздің аумағында жел күшейеді», делінген хабарламада.