Мереке күнгі береке
Мереке күнгі береке
156
оқылды

Тараз қаласында Конституция мерекесіне орай 9 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бой көтерген тұрғын үйлер­дің берілу салтана­тына облыс әкімі Асқар Мырзах­ме­тов қатысып, жаңа қоныс­танушыларға кілт табыстады. Шаһардың 15-шағынауданынан жаңа пәтерге ие болғандардың дені көпбалалы және толық емес отбасылар.

– Баспана – қай уақытта да өзек­­ті мәселе. Қала халқының са­ны өсуімен тұрғын үйге деген сұра­ныс көлемі де ұлғаюда. Тәуел­сіз­дік жыл­дары елімізде Елба­сы­ның бас­­шылығымен қазақстан­дық­­тарды  тұрғын үймен қамтама­сыз ету бойынша үлкен жұмыстар атқарылды. Соның ішінде қалада жаңадан соғылып жатқан 15-ша­ғы­н­аудан орналасқан жер бірнеше жыл бұрын ашық дала болатын, ал қазір жаңа тұрғын үйлер бой кө­тер­­ген шағынауданға айналды. «Прези­денттің бес әлеуметтік бас­та­масы» бойынша жарияланған басты мақсаттардың бірі – халық­ты тұрғын үймен қамтамасыз ету. Осы мақсатта «Нұрлы жер» бағ­дар­­ламасы аясында биыл жалпы 17,6 миллиард теңгеге барлығы 30 көпқабатты (2 118 пәтерлі) тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, жыл соңына дейін 28 көпқабатты (1988 пәтерлі) тұрғын үйлерді пайдала­ну­ға беру жоспарлануда. Осынау оңды істердің барлығы әлеуметтің әлеуетін әлді ететін ауқымды шара­лардың жарқын көрінісі, – деді өңір басшысы. 

Бұл күні барлығы 720 пәтер пай­­далануға берілсе, оның 200-ге жуы­ғы бағдарлама арқылы банк­тің тиісті шешімін алған. Яғни, 200-дей отбасы қоныс тойын той­ла­­ғалы отыр. Қалғаны алдағы уа­қыт­та  «Нұрлы жер», «7–20–25», «Бақытты отбасы» бағдарламалары арқылы берілетін болады. Жалпы, өңірдегі көпбалалы отбасыларын тұр­ғын үймен қамтамасыз ету мә­се­­лесін шешу үшін биылғы жыл­дың   бірін­ші жарты жылдығында 120 көпба­ла­лы отбасына пә­тер кілті табысталды. Оның 93-і – арендалық үй, 27-і – демеушілер есебінен.  Жыл соңына дейін 493 көпбалалы отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда. Сондай-ақ тұрғын үй кезегі кел­ген­ге дейін көпбалалы отбасы­лар­дың тұрғын үй мәселесін уақытша шешу үшін 612 пәтерлі  12 жатақ­хана құры­лы­сы­на тиісті қаражат қарасты­ры­лып, жыл соңына дейін пайдалануға берілмек.

 

Жамбыл облысы