Партия шарасын түсіндірді
Партия шарасын түсіндірді
260
оқылды
Осы орайда, 6 тамыз күні Каз­та­лов ау­даны орталығында «Nur Otan» пар­тия­сының Казталов аудандық филиалы тө­ра­ғасы, аудан әкімі Аль­берт Есалиевтің же­­тек­ші­лігімен партия мүшелері, ұйым­дас­­тыру комитеті, есеп комис­сия­лары мү­­шелерінің басын қос­қан семинар өтті. Се­минарға облыс орталығынан арнайы келген «Nur Otan» партиясы Батыс Қа­зақ­стан облыстық филиалы төрағасының бі­­рін­­ші орынбасары Мұрат Мұ­қаев, «Nur Otan» пар­тиясы Батыс Қазақ­стан об­лыс­тық фи­лиалының ұйым­дастыру және ба­қы­лау бөлі­мі­нің меңгерушісі Кенжәлі Тө­ре­мұратов, «Nur Otan» партиясы Ба­тыс Қазақстан облыстық фи­лиа­лының саяси жұмыстар бөлімі мең­герушісінің міндетін уақытша атқарушы, облыстық «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы Нұр­ғали Жол­дасқалиев прай­ме­риз­ге қатысты әдістемелік көмек берді. Семинарда сөз алған «Nur Otan» пар­тиясы Батыс Қазақстан облыс­тық фи­лиа­лы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев прай­ме­риздің маңызына тоқ­талды. – Партиямыздың Көшбасшы­сы Нұрсұлтан Назарбаев атап көрсеткендей, «партиялық тізім­дер­ге халықтың әртүрлі бөлігі өкіл­дері, беделді, азаматтардың се­­німіне ие болған отандастарымыз кі­руі тиіс». Әлеуметтік партиялық лифт­ті қам­тамасыз ету – партия­мыз үшін басты мін­деттердің бірі. Сондықтан партия мү­шелерімен қатар қоғам өміріне бейжай қа­рамайтын, дарынды да креативті бар­ша қазақстандықты алдағы праймеризге белсенді қатысуға ша­қырамыз, – деді ол. Сонымен бірге Мұрат Рах­метұлы прай­мериздің негізгі мақ­саты – барлық дең­гейдегі мәслихат пен Парламент Мә­жілісіндегі тиімді депутаттық корпусты одан әрі қалыптастыру үшін бәсеке­лестік негізде жаңа көшбасшылар­ды айқындау туралы кеңінен тү­сінік берді. «Nur Otan» партиясы Батыс Қа­зақстан об­лыстық филиалының ұйым­дастыру және бақылау бөлі­мінің меңгерушісі Кен­жәлі Төре­мұратов кандидаттардың үгіт-на­сихат жұмыстары мен оларға дауыс беру тәртібін әңгімелесе, «Jas Otan» Жас­тар қа­на­тының төрағасы Нұр­ғали Жолдас­қалиев кан­дидаттар ара­сында дебат өткізудің жай-жап­са­рын айтты.  

Әбілмансұр  ЖАСАН