Музей есігі ашық түн
Музей есігі ашық түн
413
оқылды

Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын іске асыру аясында «Музейлер шеруі» жалпы­респуб­ли­калық музей акциясы бастау алды.

Бұл туралы Ұлттық музейде өткен баспасөз-конферен­ция­сын­да мәлім болды. Іс-шараға Мәдениет және спорт министр­лігі Заң қызметі департаментінің директоры Күміс Сейітова, Ұлттық музей директорының орынбасары Алмас Нұразхан, «Алжир» саяси қуғын-сүргін мен тоталитаризм құрбандары­ның музей-мемориалдық кешен директоры Самат Мергенбаев, Пав­лодар облыстық тарихи-өлке­тану музейінің директоры Гүлнар Нұрахметова, Бұқар жы­рау атындағы Павлодар об­лыс­­тық әдебиет және өнер му­зе­йінің басшысы Жеңіс Молда­бе­ков қатысты.

– Шараның мақсаты – ұлт­тық кодқа негіз болатын ұлт­тық құндылықтарды, халқымыздың тарихын, мәдениетін, салт-дәс­түрін заманауи форматта та­ны­тып, музей қызметін, онда­ғы экспонаттар мен жауһар жәді­гер­лерді кеңінен наси­хат­тау. Музей – тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени мұра­лар­ды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме. Музей жинақталған экспонаттарды сақтап қана қоймай, заттық және рухани құндылықтарды танытып, зерттеп, мазмұнын насихаттап, осы негізде тәлім-тәрбие беруде маңызды рөл атқарады, – деді Күміс Қарсақбайқызы.

«Музейлер шеруі» акциясы – бұл мәдениет ұйымдары­ның әрбір қазақстандық үшін ұлт­­тық мәдени мұраның қолже­тім­­­ділігін қамтамасыз етуге ба­­­ғыт­­талған әлеуметтік жауап­кер­ші­­лігіндегі жаңа заманауи фор­мат.

Акцияның аясында қосым­ша әр айдың үшінші жұмасы кешкі 21.00-ден түнгі 3.00-ге дейін отандық музейлер өз келу­­шілеріне тегін кіруге мүм­кін­дік жасайтын болады.

Алғашқы болып «Музейлер шеруі» акциясын Нұр-Сұлтан қаласында Ұлттық музейі, Ал­ма­ты қаласында Орталық мем­ле­кеттік музейі, Ә.Қастеев атын­дағы Мемлекеттік өнер музейі, М.Тынышбаев атын­дағы Алма­ты облысының тари­хи-өлкетану музейі, Павло­дар қала­сындағы П. Васильевтің музей үйі, Қоста­най облысының тарихи-өлке­тану музейі өткізе­ді.


Әділ БЕК