Жеңімпаз – грант иесі
Жеңімпаз – грант иесі
181
оқылды

Елордада мүмкіндігі шектеулі жастарды әлеуметтік оңалтуға бағытталған ITeachMe жобасының соңғы кезеңі өтті. Бұл – Жастар жылында ойы ұшқыр, талапты, білімді жастарды қолдауға бағытталған игі бастама.

Жоба онлайн және офлайн ке­зең­нен тұрған. Мүмкіндігі шек­теулі жандар білім беру лаге­рін­де бағдарламалауды, жобалық менеджментті, веб дизайнды, сон­дай-ақ инклюзивті, әлеуметтік жо­баларды, кодинг, робототехни­ка­ны құруға қоғамның сұранысы бойынша зерттеу жүргізді.

– ITeachMe ерекше қажетті­лік­те­рі бар жастар үшін өмірге жол­да­ма болды. Осы уақыт ішінде көп­теген қызықты да күрделі жағ­дай болды. Біз қоғамда қалып­тас­қан стерео­тип­терді бұздық. Кедер­гі­лер мен ше­караның жойылуына тех­но­ло­гиялар және білім ықпал етті. Жаңа технологиялар әлемді шексіз етеді деген идея тағы да расталды. Қа­тысушылар алдарына үлкен мақ­сат қойды және олардың жоба­лары халықтың әлеуметтік жағы­нан осал топтарына көмек­теседі, – дейді жоба жетекшісі Захира Бегалиева.

Еліміздің түкпір-түкпірінде тұратын қатысушылар жарты жыл бойы ІТ саласына тереңірек үңіліп, менторлармен бірге мүмкіндігі шектеулі адамдардың және халық­тың басқа да әлеуметтік осал топ­та­рының өмірін жақсарту үшін түр­лі идея ойлап тапты. Ақтық ке­зеңде қатысушылар жаңа техно­логияның мүмкіндіктерін пайда­ла­на отырып, жеті жоба ұсынған. Оны әділқазылар алқасы бағалады.

– Samruk-Kazyna Trust қоры жү­зеге асырған «Тең IT мүмкін­дік­тер әлемі» жобасының Жастар жы­лын­да бастау алғанына қуа­ныш­­тымыз. Бұл лагерь біздің елі­міз­дегі алғашқы бастама болды. Ол IT салаға ерекше жастарды тартуға және олардың ІТ маман ретінде қалып­тасуына бағытталған. Біздің қор мұнымен қоса, КЕҰ арасында әлеуметтік кәсіпкерлік саласын дамы­тады. Бүгінде Samruk-Kazyna Trust-тан екі команда жобаларын одан ары дамыту үшін 500 мың тең­геден грант жеңіп алды. Алын­ған білім, тәжірибе және бастапқы капи­тал балаларға өз ісін дамытуға көмектеседі деп үміттенеміз, – дейді Samruk-Kazyna Trust Әлеу­мет­тік жобаларды дамыту қоры­ның ресми өкілі Мирас Іргебаев.

Жобаларды таныстыру қоры­тын­­дысы бойынша төрт команда 400 мың теңгенің сертификатын алды. Cup (Classmates Up the Progress) жобасы онлайн режимде іске асырылған. Ол бойынша плат­фор­ма­ның көмегімен мамандықты ауыс­тыру туралы ойлайтын сту­дент виртуалды түрде басқа маман­дық иесі болады. Мәселен, про­грам­мист, маркетолог, дизайнер болып, бір күн өмір сүреді.

Rapport қосымшасы бір мезгіл­де қазақ тілінде және ымдау арқылы оқы­ту­ға арналған. Инклю­зивтік орта­дағы жұмыс ерекшелігін ескере оты­рып әзірленген ерекше қажет­ті­ліктері бар адамдарға арналған ро­бототехника және Future-IT бағ­дарламалау бойынша курстар бар.

Dariger медициналық платфор­масы – әлеуметтік осал топтар ішін­дегі тапшы мамандарға он­лайн жазылуға көмектесетін чат-бот. Бұл сайыста екі командаға 100 мың теңгеден сертификат берілді.

Elstar жобасының командасы мүмкіндігі шектеулі балаларды оңал­туға бағытталған жоба бойын­ша 200 мың теңге жеңіп берілді.

«Жобаға қатысуға және осы ко­ман­даның бір бөлігі болуға мүм­кін­дік бергені үшін ұйым­дас­ты­ру­шыларға, жоба басшылығына өте ризамын. Мен грант иегері атан­ға­ныма қатты қобалжып тұрмын және бақыттымын. Өмірде бәрі мүм­­кін екенін және ештеңеден қор­­қу­дың қажеті жоқ екенін көр­сет­кім келеді. Жобаның бола­шақ қатысушыларының мықты болып, еш­қашан берілмеуіне және өз мақ­сатына жетуіне тілектеспін», – дей­ді Шымкент қаласынан келген жоба қатысушысы Нұрбол Намаз­бай.

Жобаның ең белсенді қатысу­шысы Сергей Шевченко ноутбук ұтып алды. Сонымен қатар CUP (Classmates Up the Progress) жоба­сы­ның командасы 1С Қазақ­стан компаниясына ақы төленетін тағылымдамаға шақырылды.

Іс-шараны «Ерекше Тан­дау-Шелек» корпоративтік қоры Samruk-Kazyna Trust Әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен бірле­сіп ұйымдас­тыр­ған. Игі бастамаға «Шев­рон» компаниясы, Орталық Азия Еуразия қоры және Еңбек және әлеуметтік қорғау министр­лігі қолдау көрсеткен.


Эльмира ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ