Мектептегі тамақтануды мемлекеттік сатып алу процесі автоматтандырылды
Мектептегі тамақтануды мемлекеттік сатып алу процесі автоматтандырылды
фото: елорда әкімдігі сайты
270
оқылды
Елорда әкімдігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша онлайн-отырыс өтті.  Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов заңнаманы бұлжытпай сақтау және кез келген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау қажетін атап өтті, - деп хабарлайды елорда қала әкімдігінің сайты. " Құқық бұзушылықтың кез келген түріне мүлдем төзбеушілік қағидаты болуы тиіс. Мысалы, ата-аналар тарапынан да, бизнес тарапынан да мектеп тамағына мемлекеттік сатып алуды өткізудің ашық еместігі туралы шағымдар түсті. "Астана адалдық алаңы" сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен, Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп осы мәселені зерделеген болатын. Осылайша, мектептегі тамақтануды мемлекеттік сатып алу процесі автоматтандырылып, тамақтану саласы электронды форматқа көшірілді. Осылайша адами фактор жойылды. Сондай-ақ қоғамдық бақылаушылар да процеске қатысады. Барлық шағымдарға "халық үніне құлақ асатын мемлекет" қағидаты бойынша жедел ден қою керек", - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.