Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы қаулысы жарияланды, - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, Абай Құнанбайұлының мұрасын насихаттауда сіңірген еңбегі үшін наградталсын:
II дәрежелі "Достық" орденімен
Америко Эдельсио – Флуминенсе федералдық университеті шет тілдері орталығының оқытушысы, Бразилия Федеративтік Республикасы
Ганем Халед Ас-Саид – Уақыптар министрлігінің департамент директоры, Мысыр Араб Республикасы
Кибар Зафер – жазушы, Түркия Республикасы
Кошут Леонард – әдеби редактор, Германия Федеративтік Республикасы
Манн Джейн – Кембридж университеті баспасы департаментінің басқарушы директоры, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі
Мәжит Ақбар
– жазушы, Қытай Халық Республикасы
Пряхин Георгий
Владимирович – Орыс әдебиеті академиясының
вице-президенті, Ресей Федерациясы
Пуиг Мария Санчес – Мадридтегі "Комплутенсе" университетінің профессоры,
Испания Корольдігі
Хачатрян Шушан – Мемлекеттік басқару академиясының оқытушысы, Армения Республикасы
Хуанчжан Ха – аудармашылар қауымдастығының аға аудармашысы, Қытай Халық Республикасы
Шатқам Қажымұхамет – жазушы, Иран Ислам Республикасы.
"Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген хабарламада.