Жұмысқа шығудан бас тартты
Жұмысқа шығудан бас тартты
167
оқылды
Автобус жүргізушілерінің айтуынша, оларға жұмыс істеген әр күн үшін 4 500 теңгеден төлеген, ал негізінен 8 000 теңгеден асуы тиіс екен. Жұмысшылар осы мәсе­лені айтып, автопарк басшы­лығына барғанда «жұмыс ұна­маса, шығып кетіңіз» деген жауап алдық дейді. Семей қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы Серікқали Жұмановтың айтуынша, каран­тинге байланысты қоғамдық көлік­тер күніне 6 сағат қана жүр­ген­діктен, жалақы соған сай төленген.  Бөлім басшысының бұл уәжі жүргізушілердің көңілінен шық­пады. Себебі оларға алдын ала жалақының қысқартылатынын ешкім ескертпеген. Жүргізушілерді зейнетақы жарнасының аударыл­мағаны да алаңдатып отыр. «Мен жеке кәсіпкер болғанмын, зейнетақы жарналарын төлеп тұрдым. Ал жеке кәсіпкерлікті жауып, осында ауысқалы ешқандай аударым жоқ. 2019 жылдың жел­тоқсан айынан бері жұмыс істеймін. Медициналық сақтан­дыру да, бұйрық та жоқ», – дейді  жүргізушінің бірі.  Осы деректің өзі жұмыс берушінің еңбек заңна­масын бұзғанын білдіреді. Мә­селенің ушыға бастағанын тү­сінсе керек, Semey bus басқармасының жетекшілері жүргізушілердің салықтық төлемдері мен жа­ла­қысын   төлеу  мәселесін шешуге он күн рұқсат сұрап отыр. Ал қала билігі жағдайды тұрақтандыру үшін осы мәселе бойынша арнайы жұ­мыс тобын құрмақшы. Үш сағаттық келіссөзден кейін жүр­гізушілер жұмысын жалғастыруға келісті.  

Тұмар МЫРЗА