Бірқатар аумақта найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстік-батыста, солтүстікте нөсерлетіп, дауыл тұрады, бұршақ жаууы да ықтимал.
Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады, солтүстік-батыста тұман түсуі мүмкін.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, бұршақ жаууы ықтимал.
Қостанай облысының бірқатар аумағында түнде және күндіз тұман түседі. Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды, күндіз екпіні 23 метр болады.
Шығыс Қазақстан, күндіз Алматы облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.
Түркістан, Қызылорда, Манғыстау облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады. Қызылорда, Маңғыстау облыстарында шаңды дауыл тұрады. Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 мтер, екпіні 23 метрге жетеді.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел секундына 18 метр жылдамдықпен ұйтқиды. Күндіз Алматы облысында аптап ыстық сақталады.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.