COVID-19: бес түрлі дәрі тегін беріледі
COVID-19: бес түрлі дәрі тегін беріледі
203
оқылды
«Ел бойынша жағдай айтар­лықтай жақсарды. Атқарушы билік ахуалды қатаң бақылауда ұстап отыр. Медициналық қауым­дастықтың санитарлық-эпиде­миялық қызметі өзіне жүктелген міндетін толық көлемде орындап жатыр. Осылайша, еліміз ең күрделі кезеңді артта қалдырды десек болады Бірақ бұл жетістікке қуанып, босаңсуға болмайды. Ендігі міндетіміз – індетті жұқтыру мен өлім-жітімді тоқтату. Олай болса, қазақстандықтарды сани­тарлық ережелерді орындауға ша­қырамын», – деді Б. Қожахметов. Оның айтуынша, прови­зорлық орталықтарда жедел әрекет ету үшін медқызмет­керлерді дайындаудан бөлек, дәрі-дәрмектермен толықтыру жүріп жатыр  екен. Коронави­руспен және КВИ-ға ұқсас белгі­лері бар пневмониямен сырқат­танған науқастар үшін алдын ала бір айлық қорға есептелінген препараттар сатып алынған. Өңірлерге 8,7 млрд теңге болатын 91 түрлі дәрі-дәрмек жөнелтілді. Бұл орташа есеппен 40 мың науқасқа жетеді. Ал стацио­нардағы  200 мың науқасқа жететін дәрі-дәрмектің 50 түрі қамтылмақ.  Ең бастысы, қазақ­стандықтар 5  дәріні ( пара­цетамол, ибупрофен, рива­роксабан, апиксабан және даби­гатран) тегін алады. «Егер сізде коронавирус инфек­циясының белгілері   байқалса, 103 нөміріне хабарласу керек. Аурудың нақты белгілері байқалмаса, бірақ ағзаңызда түсініксіз жағдайлар болса, өзіңіз тіркелген емханаға бару қажет. Ал ешқайда тіркел­месеңіз, мұны тез істеуге болады. Сізде коронавирус инфекциясы расталған болса, емханаға барып, COVID-19-ды емдеу үшін 5 дәріні тегін аласыз.  Сондықтан сізге дәріханаға барудың қажеті жоқ», – деді ресми өкіл.  

Халима БҰҚАРҚЫЗЫ