Теңгенің құнсыздануына байланысты Ұлттық банк басшысы пікір білдірді
Теңгенің құнсыздануына байланысты Ұлттық банк басшысы пікір білдірді
Фото: Интернеттен алынды
«Биылғы маусым айының соңынан 10 тамыз аралығындағы кезеңде түрік лирасы - 6,9 пайыз, Индонезия рупиясы – 3 пайыз, Аргентина песосы 3,3 пайызға арзандады. Жалпы үрдіс аясында Ресей рублі де 3,6 пайызға әлсіреді», – Досаев.
Оның айтуынша, дамушы елдер валюталарының әлсіреуі аясында теңгенің айырбастау бағамы биылғы шілдеден бастап 10 тамыздағы жағдай бойынша 1 АҚШ доллары үшін 404,07 теңгеден 418,31 теңгеге дейін 3,5 пайызға әлсіреді.
«Теңгенің әлсіреуі бір баррель үшін 40 АҚШ долларынан жоғары деңгейде тіркелген мұнай бағасын белгілеумен тежеледі. 7 тамызда мұнай бағасы мұнай қорының төмендеуі және ОПЕК+ мәмілесінің сақталуы аясында бір баррель үшін 44,4 доллар деңгейінде бекіді», – деді Ерболат Досаев.