Алатаудың «аюларын» алып тастайтын болды
Алатаудың «аюларын» алып тастайтын болды
Фото: Интернеттен алынды
306
оқылды
«Туранга групп» компаниясының директоры Александр Гужавин бүгінге дейін атқарылған жұмыстармен таныстырды.
«Автотұрақ жасалып, спорт алаңы орнатылды. Сонымен қатар алғашқы қоғамдық әжетхананы құрастырып жатыр. Нысандардың барлығында, соның ішінде Визит орталықта геобұрамашегелер пайдаланылды. Біз нысандарды тұрғызу кезінде бетон қолданбаймыз, қазаншұңқыр қазбаймыз. Көріп тұрғаныңыздай, мына жерде жыра бар. Келесі аптада мұнда қоғамдық әжетхананың тазарту жүйесін орналастыру жұмыстарын бастаймыз. Әжетхана ерлерге арналған – 5, әйелдерге – 5 және қозғалысы шектеулі адамдарға арналған 2 бөлмеден тұрады», – дейді А.Гужавин.
Оның айтуынша, жерді жалдаған бұрынғы иелерден қалған бетон құрылыстың бәрін компания алып тастауды ұйғарған. Олардың орнында қоғамдық көлік аялдамасы пайда болады. Қоғамдық кеңес мүшелері Аюсай визит-орталығын салу кезеңімен танысып, жабайы табиғатта уақыт өткізуге мүмкіндік беретін «Тамыр» мектебіне барды. Жақын арада «Туранга групп» командасы «Тамыр» мектебімен бірге жаңадан екі соқпақ жол салуды жоспарлауда. Бірінші соқпақ жол «Жас қайың» деп аталады. Онымен кішкентай баласы бар ата-аналар мен ересектер серуендейді. Екінші соқпақ жол мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған. Келешекте жылдам қозғалатын мүгедектер арбасы да сатып алынуы мүмкін. Айта кетейік, Ұлттық парк жанындағы Қоғамдық кеңес құрамына 19 адам кіреді. Олардың арасында туристік ұйым өкілдері, ғалым, спортшы, бизнесмен, экобелсенділер, қоғам қайраткерлері бар.