Су тапшылығына жол бермейміз!
Су тапшылығына жол бермейміз!
© Илья Варламов
252
оқылды
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы, Байкенже ауылы тұрғындарының өркениетті қоғамның қарапайым игілігі таза ауыз су тапшылығының зардабын тартқанына бірнеше жылдың жүзі болды. Амалы таусылған халық әлеуметтік желі арқылы «Nur Otan» партиясына арызданды. Су тапшы Жұртты толғандырған мәселе меморгандар өкілдерімен бірге өткен партияның облыстық бақылау комиссиясының отырысында қаралды. Осыған орай, салынып жатқан «Арал» бірлескен кәсіпорны дирекциясының директоры Алтынбек Есенов Жаңақорған ауданындағы су құбыры құрылысының аяқталғанын атап өтті. Алайда, негізгі бастоған  ағымдағы жылдың желтоқсанында ғана іске қосылатындықтан дәл қазіргі уақытта су беру мүмкіндігі жоқ. Партиялық бақылау комиссиясы су құбыры қосылғанға, яғни, ағымдағы жылдың 20 тамызына дейін тұрғындарды су таситын көліктермен болса да уақытша таза ауыз сумен қамтамасыз етуге байланысты аудандық әкімшілікке тапсырма берді.Бұл мәселе партияның облыстық филиалының ерекше бақылауына алынды.