«Қаһармандар – адам өмірін құтқаратындар. Ал мен тек тамақтандырамын»
«Қаһармандар – адам өмірін құтқаратындар. Ал мен тек тамақтандырамын»
326
оқылды
Қиын кезде адамның басты қасиеті оянады, нағыз қаһармандар пайда болады. Олар пандемия кезінде айналасына көмектесіп, әлемді жақсырақ, мейірімді қыла түскен медицина қызметкерлері, волонтерлар, әлеуметтік жауапкершілігі жоғары кәсіпкерлер. Kaspi.kz әлеуметтік желіде «Алғыс эстафетасын» іске қосты. Әрқайсымыз Kaspi.kz-тің instagram-дағы https://www.instagram.com/kaspi.kz/ ресми парақшасында осындай қаһармандар туралы баяндап, оларға көпшіліктің «Рахмет!» айтуына мүмкіндік бере аламыз. Біз Любовь Титоренко-Жандосова туралы айтқымыз келеді. Ол төрт баланың анасы және Алматыдағы Volpi Rosse кафесінің иесі. Төтенше жағдай кезінде кафені жауып, жедел жәрдем дәрігерлеріне тегін түскі ас дайындауға көшкен.  width= - Сізге «Жедел жәрдем» дәрігерлеріне түскі ас дайындау туралы ой қайдан келді? - Наурызда карантин жариялағаннан кейін кафені жабуға тура келді. Күтпеген жағдай болды. Бұрын сатып алып қойған көп азық-түлігіміз қалды. Тамақты жеткізу арқылы сата бастағанбыз, алайда тапсырыс азайып кетті. Кафе, мейрамханалардаың көпшілігінде тура осы жағдай болды. Мессенджерде рестораторлардың тобы бар, ол жерде біз ортақ мәселелерді талқылаймыз. Бір күні сол топта біреу «Жедел жәрдем» дәрігерлерін қолдау туралы ұсыныс жасады. Ол кезде медициналық мекемелер төтенше жағдайда жұмыс істеуге енді бейімделе бастаған, оларға ыстық тамақ әлі ұйымдастырылмаған. Басында біз әр күн сайын дәрігерлер үшін 15, кейін 100 адамға ыстық ас дайындадық, біртіндеп көбейе берді. Әр түскі ас - сорпа мен екінші тағам. Барлық қызметкерлерімді ең төменгі жалақымен демалысқа жіберуге тура келді. Сондықтан дәрігерлерге арналған түскі асты әкімшіміз екеуіміз дайындадық. Өзіміз тазаладық, турадық, қайнаттық, ыдысқа құйдық. Бірақ күн сайын дәрігерлер жасап жатқан жұмыстың жанында мұның түк қиындығы жоқ. - Әдетте кафелерде азық-түлік қоры бірнеше күнге жетеді. Сіздер түскі асты екі ай бойы бердіңіздер. Азық-түлікті қайдан алдыңыздар? - Өзіміз сатып алдық. Қалаға азық жеткізу тоқтап, бәрі қымбаттап кетті. Қолайлы бағамен сатып алу қиын болды. Қала ішінде жүруге рұқсат алу да қиындық туғызды. Бірақ бәрін реттей алдық. Түскі ас үшін кейде дәрігерлер өздері келді. Көлік келіп, кезектегі дәрігерлердің барлығы үшін алып кетіп жүрді. Көршілер «тыныштық па, ауладан күнде «Жедел жәрдем» көлігін көреміз?» деп сұрайтын. Көптеген дәрігерлермен танысып, олардың қалай өмір сүретінін білдім. Кейбірі алматылық дәрігерлерге көмектесу үшін басқа аймақтан келіпті. Кейбірі хостелдерде, отбасынан алыста тұрды. Соларға қолдау білдіргім келді. Көптеген рестораторлар дәрігерлер мен алдыңғы шептегі адамдарға қолдарынан келгенше қамқорлық жасады. БІреу нан пісірді, біреулер кешкі ас дайындады, кофе жеткізіп берді. Адамдардың игі іске жұмылғанын көргенде көңілді қуаныш билейді. Еріктілер мен қарапайым адамдар бір-біріне көмектесті. Мысалы,бірреттік ыдыс сататын Yans компаниясы бізге түскі асқа арналған 200 боксты тегін жеткізіп берді. Қарт адамдарды тегін тамақтандырып жүрген Расима Темірбаеваға бір қайырымды жан өз егістігінен бірнеше қап сәбізді тегін әкеліп беріп, ол бізбен бөлісті. - Күн сайын жүз адамдық түскі асты өзіңіз дайындадыңыз. Мамандығыңыз аспаз сияқты... - Бірінші мамандығым бойынша журналистпін. Ұзақ уақыт телевизияда жұмыс істедім, қала тіршілігі туралы «Социум» бағдарламасын жүргіздім. Бізге қиын жағдайға тап болған адамдар көмек сұрап, жиі хабарласатын. Телеарна басшылығы қайырымдылыққа арналған «Үміт оты» бағдарламасын ашуды жөн көрді.  width= Редакцияда барлығы менің волонтерлік жобаларға қатысып жүргенімді білетін, сондықтан болса керек Гүлмира Шамбаева екеумізге жүргізуді тапсырды. Ол уақытта әлеуметтік желі қазіргідей дамымаған. Біздің бағдарлама көмекке мұқтаж және көмектескісі келетін адамдарды байланыстыратын. Кейін мен декреттік демалысқа кеттім. Демалыста жүріп TV-да қалсам эфирден қолым босамайтынын, отбасыма көңіл бөле алмайтынымды түсіндім. Сондықтан уақытты өзім басқарып, мобильді болу үшін жеке бизнес туралы ойлана бастадым. Қаржы мамандығы бойынша екінші жоғары білім алдым. Біраз уақыт өткен соң кафе ашып көрген соң, әлі талай нәрсені меңгеру керегін түсініп, Санкт-Петербургте азық-түлік технологы және кондитерлікті оқыдым. Бизнесті басқару үшін ішінен түсіну керек. Мен тапсырма беріп, қағазға қол қойып отыратын басшы емеспін. Кафеде адам көп болса, ыдыс жуып, реттеп, тамақ пісіре аламын. Түскі ас кезінде залға шығып, қонақтарға қызмет көрсетіп, пікірлерін сұраймын. Кафеде кез-келген жұмысты істей аламын. Әрі кәсіби жабдықтың арқасында 100 түскі асты дайындауға бар болғаны 3 сағатым кетеді. - Кафеңіз қазір қалай жұмыс істеп жатыр? - Қазір қиындау. Маусым айында бізде түлектердің бітіру кешіне 38 тапсырыс болған. Эпидемиологиялық жағдай қиындағаннан кейін барлығынан бас тартып, ақшасын қайтарып бердік. Өкінішке қарай 1 маусым күні ДЦП-сы бар балалардың мерекесін өткізе алмадық. Бірінші рет мұндай мерекені былтыр ұйымдастырдық. Біздің ғимаратымыздың жанында Даму мәселелері бар балаларды оңалту Орталығы бар. Олар біздің кафенің балалармен демалуға болатын отбасылық жер екенін біліп, ерекше балалар мен ата-аналарына арналған қайырымдылық шарасын өткізе аламыз ба деп сұрады. Мен әрине келістім. Бұрын Volpi Rosse ескі үйде орналасқан, дұрыс пандус орнату мүмкін емес еді. Тар жаяу жүргіншілер жолы, шыға берістің қызыл сызықта болуы ескі үйлердегі үлкен мәселе. Ыңғайлы пандус орната алмайсың. Біз жаңа жерге қоныс аударып, балалар мен мүгедектер арабсына арналған ұзын, ыңғайлы пандус жасадық. Сондықтан, оңалту орталығы бізге назар аударды. Бірақ бұл жолы Балалар күні жиналуға мүмкіндік болмады. Балалар қатты күткен, біз де оларды ұмытпағанымызды көрсеткіміз келіп еді. Бәріне әуе шарлары мен пицца апарып бердік. Шайнай алмайтындарға крем сорпасын дайындадық. Жағдай түзелген соң балаларды шақырып, міндетті түрде нағыз мереке жасаймыз. - Неге балалары бар қонақтарға арналған отбасылық кафе ашуды шештіңіз? - Ылғи балаларға көмектескім келеді. Бұрын «Центр тяжести» атты интернет форум болатын. Ол жерде балалар үйі жүргізетін балалар тобының парақшасы бар еді. Балалармен әңгімелесіп, мерекелік шаралар өткізуге болатын. Мен ол кезде «Үміт оты» бағдарламасын жүргізетінмін және сол топқа қолдау білдіріп жүрдім. Бар жолы бай адамдардың бірі балалар үйінің үздік оқушыларына сыйлық жасап Египетке демалысқа жібергісі келетіні туралы жазды. Біз ұйымдастыруға көмектестік, білім департаменті виза жасатты. 22 бала, мұғалімдер мен телеканалдан оператор екеуміз бардық. Үйге қайтқан кезде балаларға телефонымды беріп, кез-келген уақытта хабарласуға болатынын айттым.  width= Маған бір күні Даша хабарласты, кейін жиі сөйлесе бастадық, сырлас адамға айналдық. Мен ол кезде 22 жастамын, Даша 15-те. Күйеуім екеуіміз Дашаны бағып алуды шештік, қажетті үрдістерден өттік, басында патронат, кейін қамқоршы болдық. Қазір Даша өсті, өзі де ана, мен жас әже болып отырмын. Қалған балаларым өмірге келгенде қалада балалармен демалуға болатын жер аз екенін байқадым. Volpi Rosse қаладағы алғашы отбасылық кафелердің бірі болды. Қазір Даша маған бизнеске көмектеседі, HR-ға жауап береді. Карантин кезінде балалармен үйде болды. 9, 7 және 4 жастағы балаларым бар. - Тағы қандай қайырымдылық жобаларын қолдадыңыз? - «Центре тяжестиде» қиын жағдайға тап болғандарға көмектесетін бастамашы топ болды. Бірақ нақты салаға маманданбаған еді. Мен балалармен байланысты жобаларға жиі қатысып жүрдім. Мысалы, біз балалар онкологиясына арналған ойын бөлмесін жасадық. «Үміт оты» бағдарламасы арқылы жылу жинап, мультфильм кейіпкерлері бар фототүсқағаздарға тапсырыс беріп, ойын бөлмелеріне ілдік. Өзіміз түнімен ілген едік, бұл түсқағаздар арнайы дағдыны талап етеді екен, қисық іліп қойыппыз. Біз тапсырыс берген компания өз есептерінен басып шығарып, кәсіби түрде жапсырып берді. Кейін біз балалар онкологиясы бөлімшесі үшін көшеде ойын алаңқайын жасадық. Ол әлі бар. «Домики» жобасына көмектестік. Ол қайырымдылық ақшасына өмір сүріп отырған балалар хосписі. Біз қайырымдылық шеберлік сағаттарын өткізіп, жиналған қаражатты хосписке бердік. Қазір менің бар уақытым отбасым мен жұмысыма кетеді. Волонтерлық жобалардан алыстадым. Бірақ карантин кезінде бос уақыт пайда болды, бос отыру мен үшін емес. Маған пайдалу болу маңызды. Әлемді өзгертпесем де жағдайға ықпал етіп, адамдардың көңілін көтеру қолымнан келетінін білемін. - Өзіңіз қандай отбасында өстіңіз? Адами құндылықтарды бойыңызға сіңірген кім? - Менің ата-анам өте мейірімді адамдар. Мурманскте әскери отбасында дүниеге келдім, гарнизонда өстім. Ол жерде орта ерекше - барлығы бір-бірін қолдайды, көршіңнен көмекті еркін сұрай аласың. Кітап оқуды жақсы көремін, бала күнімде мені «кітап құрты» деп атайтын. Кітап оқу менің көзқарасыма қатты әсер етті. Одан кейін айналамда қайырымдылықпен айналысатын жақсы адамдар көп. Біз қолымыздан не келеді, соны жасауға тырысамыз. Бұдан еш қаһармандық көріп тұрғам жоқ. Қаһарман - адам өмірін құтқаратындар. Ал мен тек тамақтандырамын. Біреуге көмектесуден қорықпаңыз. Біз бір-бірімізге пайдалы бола алатынымызды ұмыптаңыз. Ең қарапайымы күлімдеп, денсаулық тілеңіз. Бәрі қарапайым нәрселерден басталады.