Қазақстандық танымал әзілкеш Данияр Жұмаділов жер бетіндегі адамдардың бірлігі, бірдей екендігі туралы «Біз бірдейміз» әнін 10 тілде орындап, бейнебаян түсірген. Бейнебаянды ол Instagram парақшасына салды.
Екі күн ішінде бейнебаянды 45 мың адам көріп үлгерген.
«Соңғы уақытта болып жатқан оқиғалар адамзаттың адамгершілік ұғымын ұмытып бара жатқандығынан хабар етеді. Ұлтқа бөлініп, байбалам салудың қажеті жоқ. Адамдарды нәсіліне қарап емес, адамгершілік қасиеттеріне қарап бағалайықшы», - деп жазды ол.
Ол аталған әнді укранин, ағылшын, иврит, неміс, түрік, испан, парсы, қазақ және басқа тілдерде орындады.
https://www.instagram.com/tv/CDq8i9opv6-/