Елімізде вирусты жойып жіберетін маска шығарыла бастады
Елімізде вирусты жойып жіберетін маска шығарыла бастады
© сурет интернеттен алынды
193
оқылды
Елімізде ультрадыбыстық маска шығарыла бастады. Израиль технологиясымен жасалатын ерекше бетперде вирус пен бактериядан қорғап қана қоймай, оларды жойып жібереді, деп хабарлайды "Хабар-24", Оны ойлап тапқан ғалымдардың мәлімдеуінше, масканы бір жыл бойы қолдануға болады. Өндіріс қарқын алғаннан кейін бетпердені ТМД елдері мен Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттеріне экспортқа шығару жоспары бар. Осы мақсатта өндірушілер 140 млн теңге инвестиция тартқан. Жоғары технологиялық масканың нақты бағасы әлі бекітілген жоқ.