Ақмола облысында қауіпсіздік техникасы ережесін сақтамаған коммуналдық кәсіпорын жұмысшысы көз жұмды, деп хабарлайды аумақтық ТЖД баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, қайғылы жағдай Шортанды кентінде болған. Кәріз құдығында жөндеу жұмыстары кезінде «Шортанды су» коммуналдық кәсіпорнының үш қызметкері метанолдан уланып қалды.
Зардап шеккен «Шортанды су» коммуналдық кәсіпорнының жүргізушісі Андрей Ткачевтың сөзінше, олар орталық кәріз жүйесін тазалау бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіп жатқан.
«Уланған үш жұмысшының ішінде 2001 жылы туған слесарьды құтқару мүмкін болмады, ол сол жерде көз жұмды. Ал, қалған екеуін куәгерлер құтқарып, жедел жәрдем қызметіне тапсырды», - деп хабарлады ведомстводан.