Талдықорғанда екі провизорлық орталық жабылды
Талдықорғанда екі провизорлық орталық жабылды
119
оқылды
– Бүгіннен бастап Талдықорған қаласындағы әскери госпитальда ашылған провизорлық орталық жабылып, госпиталь қалыпты жұ­мысын бастады. Сонымен қатар Аймақтық тері-венерологиялық диспансер де жоспарлы түрде нау­қастарды қабылдауда, – деген об­лыстық Денсаулық сақтау бас­қар­­масының басшысы Өмірзақ Нияз­беков провизорлық стацио­нарларды кезең-кезеңмен консер­вациялау басталғанын айтты. Денсаулық сақтау басқар­ма­сының басшысы Өмірзақ Әбел­сейітұлының айтуынша, облыс­тағы стационарлар жүктемесінің төмен­деуіне байланысты инфек­циялық төсек саны 520-дан 490 орынға,  провизорлық төсек саны 3 560-тан 2 541 орынға дейін  қыс­қарыпты. Бүгінде өңірде ашылған провизорлық орта­лықтарда  1 043 адам ем қабылдап жатыр. Осы уақытқа дейін  4 048 адам жазылып шығыпты.  

Болат АБАҒАН