Цирк жануарлары ашығуы мүмкін
Цирк жануарлары ашығуы мүмкін
339
оқылды
«Біздің қазіргі басты мәселе­міз – жануарларды тамақтандыру. Өйткені өмір бойы цирк жануар­ларын тамақтандыру мен олар­дың қажеттіліктерін өтеу өз қара­­жатымыз есебінен жүзеге асырылып келді. Олардың өз­дері де табыс тапты. Мұндай тығырыққа тек біздің цирк емес, барлық цирк те тіреліп тұр. Тап қазіргідей жағдай тарихта бірін­ші рет болып отыр. Осы күні жануарларды тамақтандыру – бәрі­мізге ортақ мәселе», – дейді Қазақ мемлекеттік циркі директоры Бақыт Бөкебаев. Қазіргі таңда циркте 37 жан­уар бар. Олар: түйе, жылқы, ешкі, ит, мысық пен аюлар. Бұл жануарларды сақтап тұру үшін айына 10 миллион теңгеден ас­там қаражат керек. Қазір олар жаттығу жасамайтындықтан, көп күш жұм­самайды, сондықтан құнарлы та­мақты да көп қажет етпейді. Артистер де осы күні үйде жатты­ғады. Цирк ғимаратына ап­та­­­сына бірнеше рет келіп, жануар­­­лардың жағдайын біліп қай­тады. Биыл Қазақ мемлекеттік цир­кіне 50 жыл толды. Өнерлі ұжым­ның айтулы мерекені ерек­ше қойылым­дарымен атап өтпек жоспарлары болған. Инфекция тарауына бай­ланысты бұл жос­пар­лар кейінге қалды.  

ГүлнарГүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ