13-15 тамызға арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
«Алдағы үш күн ішінде оңтүстік циклон Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірлеріне ауысады және тұрақсыз ауа райын сақтайды. Республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, батыста, солтүстік-батыста, солтүстік-шығыста және шығыста кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде дауыл, желдің күшеюі күтіледі, бұршақ түсуі мүмкін, солтүстік-батыста және солтүстікте тұман болады. Тек еліміздің оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады», - делінген хабарламада.