Орталық сайлау комиссиясы Парламент Сенатына сайлаудың алдын ала нәтижелерін жариялады. Депутаттар аймақтар атынан сынға түскен болатын.
Сенат депутаттарын мәслихат депутаттары құпия дауыс беру арқылы сайлайтынын айта кету керек.
Осылайша, Нұр-Сұлтан атынан Сенатқа депутат болып Қазақ агротехникалық университетінің ректоры Ақылбек Күрішбаев (1961 ж.т.) сайланды. Ол 75% дауыс жинаған.
Ал Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек Мәкежанов (1961 ж.т.) Сенатта Алматы қаласының мүддесін қорғайды. Сайлаушылар оны бірауыздан қолдаған.
Шымкенттен 72% дауыс жинап көш бастаған Айгүл Қапбарова (1975 ж.т.) өз мандатын сақтап қалды. Ол бұған дейін Сенат депутаты еді.
Ақмола облысынан – Нұрлан Бекенов (89,5%);
Ақтөбе облысынан – Бауыржан Қаниев (79,89%);
Алматы облысынан – Сұлтан Дүйсембинов (92,63%);
Атырау облысынан Сағындық Лұқпанов (82,69%);
ШҚО – Ольга Булавкина (93,07%);
БҚО – Ләззат Рысбекова (70,33%);
Жамбыл облысынан – Бекболат Орынбеков (92,09%);
Қарағанды облысынан – Сергей Ершов (83,15%);
Қостанай облысынан – Сергей Карплюк (87,21%);
Қызылорда облысынан – Ақмарал Әлназарова (77,86%);
Маңғыстау облысынан – Сүйіндік Алдашев (87%);
Павлодар облысынан – Алтынбек Нұхұлы (81,97%);
СҚО – Ольга Перепечина (87,57%);
Түркістан облысы – Әли Бектаев (91,53%).
Айта кетейік, елімізде бүгін Парламент Сенатына сайлау өтті. Заңға сәйкес, 17 өңірден бір-бір депутаттан Парламенттің жоғарғы палатасына сайланады.