Жүкті әйел мас күйінде көлік айдап, жүргізуші куәлігінен айырылды
Жүкті әйел мас күйінде көлік айдап, жүргізуші куәлігінен айырылды
©Сурет интернеттен алынды
228
оқылды
15 шілдеге қараған түні Атырау қаласының орталығында тәртіп сақшылары қаладан келген 32 жастағы әйелді ұстады.
Әйел жүктіліктің бесінші айында екен. Ол ішімдік ішіп алған күйде көлікке отырған. Мастығына қарамаған келіншек Nissan Juke көлігімен шаруаларын бітірген.  Кейіннен сот әкімшілік іс материалдарын қарап шығып, оны жүргізуші куәлігінен айырды.
Жыл басынан бері Атырау облысында полиция 467 мас жүргізушіні ұстады. Оның 370-і облыс орталығында тіркелген. Соның ішінде үш жүкті әйел мен екі кәмелетке толмаған жасөспірімдер де бар.