Солтүстік-шығыста күн күркіреп, найзағай ойнайды, сонымен бірге нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түсуі ықтимал.
Сондай-ақ республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, оңтүстікте және оңтүстік батыста шаңды дауыл тұрады, солтүстік батыста – тұман.
Қарағанды, Павлодар, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, дауыл, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, бұршақ жаууы мүмкін.
Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал, Атырау облысының күндіз кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады.
Жамбыл, күндіз Алматы, түнде және таңертең Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел тұрады, жылдамдығы – 15-20 м/с.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел тұрады, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.
Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл, Алматы, Атырау облыстарының кей жерлерінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.