Ақтөбелік жігіт жарты сағатта үш рет қылмыс жасаған
Ақтөбелік жігіт жарты сағатта үш рет қылмыс жасаған
© сурет интернеттен алынды
243
оқылды
Ақтөбе қаласының 24 жастағы тұрғыны 30 минутта үш рет ұрлық жасаған, - деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
"6 тамызда күндік Ақтөбе тұрғыны қаладағы Әйтеке би көшесінде 35 жастағы әйелдің бір қорап темекісін ұрлап кеткен. Кейін ол дүкеннің маңайынан өтіп бара жатып, 52 жастағы әйелдің iPhone 8 телефонын күшпен тартып алған. Шығынның көлемі 200 мың теңгеден асады", - делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Полиция мәліметінше, күдікті зейнеткердің құлағындағы сырғасын да тартып алмақ болған. Алайда оның бұл ойы жүзеге аспаған.
Сондай-ақ, 24 жастағы жігіт 15 минуттан соң Әйтеке би көшесіндегі дәмхананың кассасынан ақша ұрлаған. Шығынның көлемі - 13 мың теңге. Тәртіп сақшылары күдіктіні дәмханадан ұстаған.
"Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті Актөбедегі уақытша тергеу изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.