Семейлік ұрылар ыдыс-аяққа дейін тонауда
Семейлік ұрылар ыдыс-аяққа дейін тонауда
221
оқылды

Семейдегі Әуезов полиция бөлімшесіне қала тұрғыны хабарласып, бөгде біреу оның 20 000 теңге тұратын ыдыс-аяғын ұрлап кеткені туралы шағым түсірген.

Шұғыл іздестіру барысында бұрын шағым түсірушімен бірге тұрған 47 жастағы пәтер жалдаушысы ұсталыпты. Ол бұрын сотталмаған екен. Ұрлаған затын қайтарып беріпті. Семей қалалық Полиция Басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Елубек Оспановтың хабарлауынша, бұл іс бойынша ҚР ҚК 188 бап 1 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Сондай-ақ, тамыз айының 31-і күні полицияға Семей қаласының тағы бір тұрғыны арыз жазған. Оның айтуынша, ол сағат 8.00-ден 16.00-ге дейін жұмыста болған кезде бөлгісіз біреу үйдің ауласында орналасқан сарайдан  банка тұздалған қияр-қызанағын ұрлап кеткен. Келген шығыны 6000 теңге екен.  Тәртіп сақшылары болған жерді қарап, із кескенде оның ұрлығына ұлының қатысы бар екенін анықтаған. Бұрын істі болған, қазірде еш жерде жұмыс істемейтін 38 жасар азамат ұсталып, ұрлаған заттары қайтарылған. Оның үстінен ҚР ҚК 118 бап 1 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалыпты.

Ұрлықтан кейін көп тіркеліп жатқан алаяқтық істер екен. Семей қаласындағы Полиция Басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Елубек Оспановтың айтуынша, Әуезов аудандық полиция бөліміне 49 жасар семейлік шағым түсірген. Әйел адамның айтуынша, «Айнұр» есімді бейтаныс әйел оның сеніміне кіріп, Алматыдан арзанға пәтер әперемін деп  бір жарым миллион теңге ақшасын алып кеткен. Полицияның шұғыл-іздестіруі барысында алаяқтың кім екені анықталған. Ол бұрын істі болған 42 жасар қала тұрғыны екен.

– Тергеуге дейінгі анықтау барысында ол әйел тағы бір іс туралы айтты, – дейді Елубек Оспанов. – Тамыз айының ортасында ол тағы бір 42 жасар қала тұрғынын алдаған екен. Ол кезде 3 миллионнан астам ақшаны алдап әкеткен. Ақшаны қайтару мүмкін болмады. Себебі ақшаны ұстап қойған. Бұл факті бойынша, ҚР ҚК 190 бабына орай «Алаяқтық» мәселесі бойынша іс қозғалып, қазірде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Полиция қызметкерлері бөгде адамдармен сөйлескенде сақ болуды ескертеді.

Елубек Оспановтың айтуынша, Затон аудандық полиция бөліміне зейнеткер апа шағым жасапты. Оның айтуынша, 2019 жылдың сәуір айында оның туыс сіңлісі «біраз таға тұрайыншы» деп 585 пробалық, құны 200 000 теңге тұратын алтын жүзігін қайтармай  кеткен.  Бұны да полиция қызметкерлері іздестіріп, Бородулиха ауданында тұратын 53 жасар сіңлісін қолға түсірген. Ол жүзікті қайтарып беріпті.

Аяла Бектұрғанова