8 өңірде ескерту жарияланды
8 өңірде ескерту жарияланды
5,229
оқылды
14 тамыз күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды, - деп хабарлады «Қазгидромет» РМК. Атап айтқанда, Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, тұман, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с артады. Сондай-ақ облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында найзағай, бұршақ болжанады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с болады. Ақтөбе облысында найзағай күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, күндіз кей жерлерде екпіні 18 м/с жетеді. Ақтөбе қаласында найзағай болжанады. Ақмола облысының кей жерлерде найзағай ойнап, тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Сондай-ақ найзағай, дауыл, бұршақ болжанады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Атырау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с артады. Қызылорда облысында өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай, бұршақ болжанады. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с жетеді. Орал қаласындасондай-ақ найзағай, 18 м/с екпінде жел күтіледі.