Қашықтан оқуға дайынбыз ба?
Қашықтан оқуға дайынбыз ба?
427
оқылды
 

Қанша оқушы «қашықтатылды»?

Білім және ғылым министр­лі­гі­нің мә­ліметінше, 2020-2021 жа­ңа оқу жылында 2,6 миллион оқу­шы (не­месе 79%-ы) қашық­тан оқы­ты­лады. Кезекші сынып­тар­да 530 мың ш­әкірт немесе 17%-ы білім алмақ. Бұған қо­са, тұрғындарының саны аз не­месе шал­ғайда ор­наласқан ауыл­дарда он­даған оқушысы ғана қалған ша­­ғын мектептер дәстүрлі оқуын жал­­­ғастырады: еліміз бойынша осын­­дай ша­ғын жи­нақты білім ор­даларында 157 мыңнан астам оқушы (4%-ы) бар. Жалпы, жаңа оқу жылында Қа­зақстанда 7 мың 391 мектеп әртүрлі форматта 3,3 мил­лион­дай ба­­­ланы оқытуы керек. – Биыл 1 қыркүйекте оқу жы­лы қа­шық­тан оқыту фор­ма­тын­да бас­талады. Эпидемио­ло­гия­лық ахуалы жақсы болса, он­да шал­ғай­дағы елді ме­кендерде ша­ғын жинақты мек­теп­тер бұ­рын­ғыша, дәстүрлі түрде оқы­­туын жалғастырады. Ата-аналар өті­ніш білдірсе, қа­лаларда бас­тауыш сынып оқу­шылары үшін қатаң са­нитарлық талаптарды сақ­тай оты­рып, кезекші сы­нып­тар жұмыс іс­тейтін бо­лады. Бір сы­ныптағы ба­ла саны 15-тен ас­пауы тиіс. Ке­зекші сы­ныпқа өті­ніш электрон­ды фор­матта, сы­нып жетекшісі арқылы қа­­был­данады, – деп хабар­лады ми­нистрлік. Халық «продленка» деп атай­тын қо­сымша бі­лім беру ұйым­­да­ры да ашылады: олардың ре­­пе­­титор­лары мен педагогтері ата-ана­лардың өті­ніші бойын­ша балаларды не он­лайн режимде не­месе же­­ке отырып, са­бақ­қа дайын­дай алады. Топпен өт­­­кізсе, онда 5 оқушыдан көп жинауға тыйым салы­нады. Арнайы білім беру ұйымдары да есігін аша ала­ды: ата-аналар­дың таң­дауы бойынша ар­найы он­лайн кеңес беру немесе ма­ман­дардың же­ке қабыл­дауы ұйым­дастырылады. Денсау­лы­ғында күрделі проб­лема­лары бар ба­лаларды қабылдау алдын ала жа­зылу тәр­тібі­мен жеке жүргі­зі­леді.  

Құлқы бар, құралы жоқ

Қашықтан оқытылатын 2,6 миллион оқушының үлкен бөлігі соған қажетті жабдықтарға мұқтаж екені белгілі болды. Өткен аптада Премьер-Министр Асқар Мамин Үкіметтің «аса мұқтаж отбасы­лардың балаларына пайда­лануы үшін шамамен 500 мың компьютер беретінін» мәлімдеді. Ескере кетер жайт, кезекші сы­нып­тарға тек бастауыш мектеп шәкірттері ғана бара алады. Ал одан ересектері тегіс үйінде қа­лып, қайтадан теле­дидарға тел­міруге мәжбүр болады. Онлайн оқуға құлқы бар, бірақ құралы жоқ жас ұрпақ өкілдері өңірлер түгіл, астанада да жетерлік. – Мектептерде білім беру ары қарай қашықтан оқыту режимінде өте­ті­нін ескере отырып, елордада әлеу­меттік осал отбасылардағы оқушыларды ноутбуктармен, роу­тер­лермен қамтамасыз етуге 6 мил­лиард теңгеге жуық ақша бө­лі­нді. Нәтижесінде, осы санат­тағы барлық баланы, яғни аз қам­тыл­ған отбасыларды, мүмкін­дігі шектеулі балаларды, жетім­дерді, көп балалы отбасыларды компью­термен, роу­термен жаб­дықтап шығамыз. Жал­пы алғанда, аталған игілікке 34,5 мыңдай бала қол жет­кізуі тиіс, – деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов. Алматылық оқушыларға 53 мың планшет пен ноутбук табыс­талмақ. Биыл тексеру жүргізу бары­сында мектептердегі көптеген компьютердің тым ескіріп қал­ғаны әшкереленіпті. Содан олар­ды жаппай жаңарту туралы шешім қабылданған. Бүгінде білім орда­ларына жаңа компью­терлік тех­ника жеткізілді. Тір­кеуге алып болған соң, мұқ­таж отбасыларға үлестіріледі. Осы­лайша, елі­міздің ең үлкен мега­полисі компью­тер тапшы­лығына қа­тыс­ты түйткілдің түйінін тар­қатпақ. Өзге өңірлер де төл бюд­жет­тері мен мүмкіндіктеріне қарай зәру отба­сыларды компьютерлік тех­никамен қамтуға тырысуда. Деген­мен кейбір елді мекеннің оны тегін бере алмағаны, тек бағасын арзандатқаны туралы хабар бар. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке Facebook арқылы қайырылған Ақтау қаласының тұрғыны Ләз­зат Тілегенова осы жайында ай­­тады: «Министр мырза, күні кеше көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға ноутбукті тегін бе­ретініңізді айтқан едіңіз. Енді сол сөзіңіз қайда қалды? Міне, мек­тептен апайымыз хабарлас­ты: «90 мың теңгеден ноутбук бар», – дейді. Әкімдік соны мұқ­таждарға төмен бағамен ұсы­ның­дар депті. Сонда бұл қалай болғаны? Ке­зекті көз­бояушылық па?» – дейді ана.  

Мемгранттар қайта бағдарлануда

Билік бұл салаға барлық та­рапты жұмылдыруға тырысуда. Мәселен, кейбір өңір демеу­ші­лерді, жомарт жандарды, биз­несмендерді қалталарынан ақша шығарып, жасөскіндер үйінде білім алуы үшін оларға ноутбук және интернет-топтама сый­лауға шақырды. kashiktan oky Азаматтық бастамаларды қол­­­­дау орталығының басқарма төрағасы Батима Мукина өздері­нің де енді осы іске бағдар­лан­ғанын айтады. Сөйтіп, Ақпа­рат және қоғамдық даму ми­нистрлігі ауыл­дағы оқушы­ларды планшет және ноутбукпен қам­туға атса­лыспақ. – Пандемия кесірінен қа­шық­­тан оқытуға жаппай көшу ата-аналарға, балаларға, мұға­лімдерге қиындық тудырды. Біз­дің орта­лықтың грант алу­шылары осы проблеманы ше­шуге үлес қосады. Жалпы­ұлт­тық 7 жобаның бірі – «Birgemiz: Bilim» жобасы ая­сында волон­тер­лер ауыл оқу­шы­­лары­ның компью­терлік сауат­­­­ты­лығын ашуға көмек­тесе­ді. Үкі­меттік емес ұйым­дар әр өңір­дің қажет­тілігіне сәйкес жо­баны қолға алады. Тұтастай ал­ғанда, 1 400 еріктіні тарта оты­рып, 14 мыңдай баланы қамту жос­пар­ланған. Оған қаржы қайдан алынады? Орталық басшысының түсінді­руінше, жыл басында грант тара­тыл­ғанда, әлеуметтік жобалардың бюджетінде «әдеттегі шығындар», нақтылай кетсек, көлік шығыс­тары, кездесу, семинар, тренинг және басқасы үшін орынжайды жалға алу, іссапарлар шығыны қарас­тырылыпты. Ал карантин жағ­дайында оның бәрі жарамай қалды: жүздесу-жиын ұйымдас­тыруға жол берілмеді, тиісінше бөлме не конферен­цзалды жалға алу, ауыл-аймақты аралау қажет емес. Бар­лығы онлайн жүреді. – Шараларды әу баста қа­лыпты режимде өткізу жос­пар­ланған еді. Енді бұл қызметтерге деген қажет­тілік өзек­тілігін жой­ды. Осыған байланысты ҮЕҰ-лар бізге баста­мамен шығып, үнем­делген ақшаға оқушыларға арнап қажетті техни­ка сатып алуды ұсынды. Тиісінше, жекеле­ген шы­ғыстар осы бағытқа қайта бағ­дарланды. Шамамен 300 оқу­шы­ға планшет пен ноутбук тарту етіледі. Оның ішінде 40 планшет Жамбыл облысындағы, тағы 60-ы – Пав­лодар облы­сын­дағы аз қам­тылған балалар үшін сатып алынды. Өз кезегінде Қазақстанның во­лонтерлер альянсы мемлекеттен алған грант қаржысының бір бө­лігіне ШҚО және Ақмола об­лысы үшін 10 ноутбук және 10 планшет сатып алуға ниетті. Қарағанды облысы еншісіне 50 планшет тимек.  

Онлайн білім: үрейге не себеп?

Білім және ғылым министрлігі 2020-2021 оқу жылының І тоқсаны толығымен қашықтан оқыту фор­матында өтетінін мәлімдеді. Әйт­кенмен, бұл жоспар өзгеруі мүмкін. «Елдегі эпидемиологиялық ахуал жақсаруына қарай мек­теп­терді бұрынғыдай дәстүрлі оқыту форматына кезең-кезеңмен көші­ру жоспарланып отыр. Бірінші кезеңде штаттық оқыту режиміне 1-4 сынып оқушылары ауыс­тырылады. Мектептерде санитар­лық қауіпсіздік шаралары, атап айтқанда термометрия, дезин­фекциялық тоннелдер, сынып­тардың әртүрлі уақытта үзіліске шығуы барынша сақ­талады», – деді өз блогында ата-аналар сұ­рағына жауап берген Білім және ғылым министрі Асхат Айма­ғам­бетов.  Алайда әлемде пандемия аяқ­талғанымен, онлайн оқыту ары қарай өрістей бермек. Өткен апта­дағы Үкімет отырысында БҒМ-ге оқушылардың онлайн режимдегі оқуының бүкіл әдіс­темесін пысық­тау, мұғалімдерді соған үйрету, интернет-платфор­маларды қажетті мазмұн-контент­пен толтыру жүк­телді. Елімізде бұдан былай орта білім беру са­ласына ұсынылатын бар­лық кі­таптар мен оқулықтардың элек­тронды нұсқасы болуы және олар интернетте ашық орналас­ты­рылуы тиіс. Негізі, дүниежүзінде қашық­тан білім беру форматына көші­рілуі адамзаттың бір бөлігін алаң­датып отыр. Бұған АҚШ-тың Нью-Йорк, Нью-Гэмпшир, Ин­диана, Канзас секілді штат­тарын­да оқушылар, ата-аналар және педагог­тердің наразылық акция­сына шығуы дәлел. Америкада бүгінде кремний алқабының өнімі – Summit Learning инно­вациялық онлайн білім беру жо­ба­сы енгі­зілуде. Facebook негізін қалаушы Марк Цукерберг пен оның жұбайы Присцилла Чан қаржыландырып жатқан SL – жаппай орта және қосымша білім беруге маманданған тегін плат­форма. Бастапқыда ол Калифор­ния мен Вашингтондағы 11 мек­тепте сыналған. Елдің панде­мия­дан қатты зардап шегуі бұл жобаға соны серпін беріпті. Қазіргі кезде жүйе АҚШ-тың 40 штатындағы 380-нен астам мек­тепті, 55 мың­дай оқушыны қам­тиды.  

Қашықтан оқыту компьютерге тәуелді ете ме?

Жобаның қарсыластары бірін­шіден, Summit Learning дәстүрлі оқуды толық ысырып шығаруды мақсат тұтатынын алға тартады. Онлайн білім беруге жаппай көшу аясында, әсіресе шағын қалалар мен шалғай дерев­няларда дәстүрлі мек­тептерді қаржыландыру азай­ды. Екіншіден, бұл интернет-тұғырнама барша Америка үшін ортақ жүйеге айналудан үмітті. Ал оның бағдарламалық қамты­лымын тек Facebook әзірлеушілері жасайды. Сала моно­полия­ландырылған. Үшіншіден, SL «персоналдандырылған оқыту жүйесі» саналады, яғни ол әр шәкірттің білім деңгейін ескеріп, төл оқу бағдарламасын құрып береді. Басқаша айтқанда, бүгінгі баланың – болашақ азаматтың қабілет-қарымын, кесір-кемші­лігін, осал тұсын түбегейлі зерт­теп, психологиялық бейнесін түзіп, жан-жақты досье жинайды. Кейін ондай егжей-тегжейлі де­рек­тердің не мақсатта қолданы­латыны белгісіз әрі үрей тудырады. Төртіншіден, қашықтан оқыту жас ұрпақты компьютерге тәуелді етеді. 2018 жылғы қарашада Брук­линдегі Журналистика орта мек­тебінің шәкірттері наразылық акциясын ұйымдастырып, Цукер­бергке хат жазды және Summit Learning бағдарламасын өзгертуді талап етті: «Тұғырнама сағаттар бойы компьютерден бас алмай, телміріп отыруды талап етеді. Бағдарлама мектеп бітіру емти­хандарына дайындалуға септес­пейді. Ең бастысы, ол адам­дардың – оқушылар мен мұғалім­дердің өзара қарым-қаты­нас жасап, білімімен бөлісуін, күр­делі тақырыптарды қызықты тал­қыға салуын, пікір талас­тыруын қарас­тырмайды. Онсыз сыни ойлауды қалып­тастыру мүмкін емес», – дейді жас жур­налистер. Олар бағдарлама опе­раторы барлық сұраққа жауап беруді табанды талап етіп, дербес дерек­терді жи­нақтайтынына алаңдайды. SL тіпті әр оқушының қандай дерт­пен ауырғанын, қан­дай жынысқа, нәсілге, этносқа, дінге жататы­нын, әлеуметтік және экономика­лық мәртебесін білетін болып шықты. Таяуда аталған тұғырнама кем дегенде 19 корпорациямен дерек алмаса­тыны жария етілді. Қалай болғанда, қашықтан оқы­ту халықаралық қауым­дас­тық­тың, соның ішінде қазақ­стан­дықтардың өміріне дендей ене­тінге ұқсайды. Соның бары­сында қаншама жаңа мәселе бой көтеруі әбден мүмкін. Мемлекет оны ха­лық­тың сын-пікіріне құлақ асып шешсе, игі.  

Елдос СЕНБАЙ