Air Astana ұшақ ішінде бетперде тақпағандарды құқық қорғау органдарына тапсырады
Air Astana ұшақ ішінде бетперде тақпағандарды құқық қорғау органдарына тапсырады
Фотоны Air Astana баспасөз қызметі ұсынды
213
оқылды
 Air Astana жолаушылардан ұшақ ішінде бетперделерін тағуды табанды түрде сұрайды. Бетперде сіздің өзіңізді, жақындарыңыз бен экипажды коронавирусті жұқтырудан қорғайды. Жолаушылар ұшаққа отырғызу немесе түсу кезінде 1 метр әлеуметтік ара қашықтықты сақтауы қажет. Маска тағу тәртібі мен санитария талаптарын бұзушылар құқық қорғау органдарына тапсырылады. Санитария нормаларын бір рет бұзған жолаушылар санитария талаптарын орындауға және осы бұзушылық салдарынан әуе компаниясы ұшыраған шығындарды өтеуге жауапкершілікті алуға жазбаша келісімін келесі сапар алдында беруі тиіс. Ең жақын жердегі әуежайға ұшақтың жоспарсыз қонуы бірнеше мың АҚШ долларды құрауы мүмкін. Бұдан басқа, жолаушылардан 30 АЕК көлемінде айыппұл алынады. Air Astana-да cанитария нормаларын бұзуымен байланысты 23 оқиға тіркелген (оның ішінде бетпердені тағудан бас тартумен байланысты 18 оқиға).