«СК-Фармация» ЖШС-ның бұрынғы басқарма төрағасы ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
ТЖ кезінде медициналық бұйымдарды сатып алу кезінде өкілеттігін теріс пайдалану фактісі бойынша «СК-Фармация» ЖШС-ның бұрынғы Басқарма төрағасы ұсталып, Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің уақытша тергеу изоляторына қамалды.
«14 тамызда соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады», - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірінші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.
Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.
Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында МӘМС қоры мен «СҚ Фармация» басшыларын жұмыстан шығаруды тапсырған болатын. Кейін «СК Фармация» қызметінде тексеру басталды.