Оқиға 12 тамыз күні аудан орталығы Талғар қаласында болған. Азаматтық некедегі ерлі-зайыпты алдын ала сөз байласып, үйінің маңдағы дүкенді тонап әкеткен. Олар дүкен сатушыларын қорқытып, азық-түлікке ақы төлеместен ізін суытқан.
Бұл жайында Алматы облысы ПД баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Азаматтық некеде тұрып жатқан екі азаматтың өзара келісуімен қылмыстың орын алғаны анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабының 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 32 жастағы күдікті аудандық Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды", - деді Талғар ауданы Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Ерлан Қасым.
Тергеу барысында күдікті азаматтың бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылған екен. Ол дүкен сатушыларына бұрын сотты болғанын және ештеңеден тайынбайтынын айтып қорқытыпты.