Қазір СЭҚ қызметкерлері мен полиция жәндіктерді уландырған компанияны іздеуде. Олардың мәлімдеуінше, компания қызметкерлерінің көппәтерлі тұрғын үйлердегі жәндіктерді жоюға білімі жеткіліксіз.
Балалардың ата-анасы бастапқыда не болғанын түсінбей қалған. Алдымен біртүрлі иіс шыға бастаған. Содан кейін балалар құсып, басы ауыра бастаған. Ананың айтуынша, залалсыздандыру жұмысы жүргізетінін ешкім ескертпеген.
- Жеңіл инсектицидпен уланған төрт бала - үш, төрт, бес және алты жаста. Барлығына көмек, детоксикация, симптоматикалық терапия, оттегі терапиясы көрсетілді. Жағдайы жақсарған соң, үйлеріне жіберілді, - дейді Шымкент қаласындағы аурухананың токсикология бөлімінің меңгерушісі Марат Какенов.