Президент Қасым-Жомарт Тоқаев композитор Шәмші Қалдаяқовтың туындыларын кеңінен насихаттау қажеттігін айтты. Бұл туралы Мемлекет басшысы твиттерде жазды.
«Бүгін еліміздің Әнұраны «Менің Қазақстаным!» әнінің авторы, ұлт руханиятына талай сырлы саз бен әсем әуен сыйлаған композитор Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 90 жыл. Шәмші шығармашылығы –ұлттың баға жетпес байлығы. Оның туындыларын кеңінен насихаттау –бүгінгі ұрпақтың парызы», деп жазды твиттерде Қасым-Жомарт Тоқаев.