Кездесу барысында өрт шыққан орындарда тексеру жүргізіліп, жауапты мекемелер өкілдері өрттің пайда болуының себебі мен хронологиясы туралы баяндады. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова өртті сөндіруге қатысқан азаматтарға алғысын білдірді. Еске сала кетсек, 14 тамызда түнде Алматыдағы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ музейінде өрт шықты.
«Қазақфильм» киностудиясының басшысы Ақан Сатаев өрттің әдейі қойылғанын айтқан болатын.