Атырауда мектеп ғимаратының жөндеуіне бөлінген 25 миллион теңге жымқырылған
Атырауда мектеп ғимаратының жөндеуіне бөлінген 25 миллион теңге жымқырылған
фото: ашық дереккөз
224
оқылды
Атыраудағы № 5 мектепті жөндеу кезінде 25 миллион теңге жымқырылған, - деп хабарлайды Атырау облысы прокуратурасы. Бұл туралы желді ауа райында қапталған ғимарат сырты құлағаннан кейін белгілі болды Қадағалау органының мәліметінше, 2017 жылы мектеп күрделі жөндеуден өткен. Оған 279 миллион теңге бөлінген. Биыл наурызда ғимарат қаптамасы құлағаны белгілі болды. Сондай-ақ, желдің күшті болмағаны хабарланды. "Тәуелсіз сарапшының қорытындысына сәйкес, сәулет-құрылыс нормаларын сақтамау, сондай-ақ жұмыстардың орындалмауы салдарынан мемлекетке жалпы сомасы 25 миллион теңге залал келді", - делінген прокуратура мәлімдемесінде. Қалалық прокуратура сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке материалдар жіберді, ҚР ҚК 189-бабы 3-бөлігі ("Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.