Елордада сұлулық салондары, білім беру орталықтары мен моншалар жұмысын бастайды
Елордада сұлулық салондары, білім беру орталықтары мен моншалар жұмысын бастайды
фото: коллаж
249
оқылды
17 тамыздан бастап Нұр-Сұлтанда сұлулық салондары, білім беру орталықтары мен моншалар жұмысын бастайды. Бұл туралы елорданың бас санитар дәрігерінің қаулысында жазылған. Қаулыда Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мына қызмет түрлерінің жұмысын қамтамасыз ету керегі жазылған:
  • азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың (ашық ауада) жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс және демалыс күндері жұмыс кестесін сағат 10:00-ден 17.00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру;
  • сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының жұмысын жұмыс күндері күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, демалыс аймақтарында және демалыс орындарында сатып алушылардың болуын қоспағанда, бір келушіге 4 м2 есебінен жобалық қуаттың 30 пайыздан аспайтын толымдылығын сақтай отырып, жұмыс кестесін сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін белгілеумен жәнедемалыс күндері жұмысқа тыйым салуменұйымдастыру. Бұл ретте көрсетілген объектілер мен олардың аумақтарында орналасқан аттракциондардың, балалардың ойын алаңдарының, кинотеатрлардың, ойын орталықтарының, фудкорттардың жұмысына қатаң тыйым салынады;
  • жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жұмысын бір келушіге 4 м2 есебінен жобалық қуаттың 30 пайыздан аспайтын толымдылығын сақтай отырып, жұмыс күндері жұмыс кестесін сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін белгілей отырып және демалыс күндері жұмысқа тыйым салумен ұйымдастыру;
  • балалар мен ересектерге арналған түзету кабинеттерінің жұмысын (алдын ала жазылу бойынша, 5 адамнан артық емес) күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс күндері жұмыс кестесін сағат 11-ден 18.00-ге дейін белгілей отырыпжәне демалыс күндері жұмысқа тыйым салумен ұйымдастыру;
  • білім беру орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған үйірмелердің, балаларды дамыту орталықтарының жұмысын (5 адамға дейінгі топтарда алдын ала жазылу бойынша) күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс күндері жұмыс кестесін сағат 11.00-ден 18.00-ге дейін белгілей отырып және демалыс күндері жұмысқа тыйым салумен ұйымдастыру;
  • сұлулық салондарының, шаштараздардың, косметикалық және косметологиялық қызметтер,маникюр және педикюр қызметтерін көрсететін орталықтар мен салондардың жұмысын (қатаң түрде 1 келушіге 4 м2 есебінен алдын ала жазылу бойынша) күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс күндері жұмыс кестесін 10.00-ден 20.00-ге дейін белгілей отырыпжәне демалыс күндері жұмысқа тыйым салумен ұйымдастыру;
  • моншалардың, сауналардың (бассейнсіз, массажсыз және пилингсіз) жұмысын бір мезгілде келушілердің жобалық сыйымдылығы 30 пайыздан аспайтынқатысумен жұмыс күндері сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін (алдын ала жазылу бойынша)жұмыс режимін уақытша шектей отырып және демалыс күндері жұмысқа тыйым салумен ұйымдастыру;
  • фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың (бассейнсіз, массажсыз және пилингсіз) жұмысын 1 келушіге 5 кв.м дейінгі және 50 пайыздан аспайтынтолтырумен қамтамасыз ету кезінде, қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс күндері жұмыс кестесін сағат 07:00-ден 17:00-ге дейін белгілей отырып және демалыс күндері жұмысқа тыйым салумен ұйымдастыру;
  • мектепке дейінгі ұйымдарда кезекші топтардың жұмысын меншік нысанына қарамастан, әр топта 15 баладан аспайтындай толтырумен, санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық және карантиндік шараларды қатаң сақтай отырып, жұмыс күндері жұмыс кестесін сағат 07:30-ден 18:00-ге дейін белгілеумен және демалыс күндері жұмысқа тыйым салумен ұйымдастыру;