Айсұлтан Назарбаев қайтыс болды
Айсұлтан Назарбаев қайтыс болды
фото: ашық дереккөз
160
оқылды
Айсұлтан Назарбаев қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Таратылған ақпаратқа қарағанда , Айсұлтан Назарбаев 16 тамызға қараған түні Лондонда қайтыс болған. «Өлімнің себебі анықталуда. Жүрегі тоқтап қалған болуы мүмкін. Басқа мәліметтер әлі белгісіз», - делінген хабарламада Айсұлтан Назарбаев Сандхурстегі Британдық Корольдік әскери академияны тәмамдаған (2009-2010 жж.) және  КИМЭП Университетінің «бизнес әкімшілендіру» мамандығы бойынша магистрі дәрежесін алған. Қазақстан Қорғаныс Министрлігінің Бас барлау басқармасында қызмет еткен. Бірнеше  қазақстандық және шетелдік футбол клубтарында, соның ішінде «Портсмут» жастар командасында ойнады. Ол Қазақстан футбол федерациясының ФИФА, УЕФА және ұлттық қауымдастықтармен байланыстар жөніндегі вице-президенті болды.