Елордада Мәскеу Олимпиадасына қатысқан қазақстандықтар туралы көрме ашылды  
Елордада Мәскеу Олимпиадасына қатысқан қазақстандықтар туралы көрме ашылды   
фото: sputniknews.kz
331
оқылды
Елордада орталық саябақта Спорт күнінде "Мәскеудегі XXII Олимпиадада Қазақ КСР спортшыларының жеткен жетістіктері" көрмесі ашылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 1980 жылғы Олимпиада ойындарының қырық жылдығына орайластырылған көрмені Нұр-Сұлтан әкімдігі мен Қазақстандағы Ресей елшілігінің қолдауымен Қазақстандағы Россотрудничество өкілдігі мен Sputnik Қазақстан ұйымдастырды. Карантинге байланысты көрменің ашылуы жұмыс режимінде өтті, салтанатты іс-шара болған жоқ.  width= "Біз бұл көрмені Қазақстан астанасында кездейсоқ өткізіп отырған жоқпыз. Ортақ тарихымызды, оның ішінде спорттық жетістіктерді естен шығармауымыз керек деп есептейміз, - деді Қазақстандағы Россотрудничество өкілдігінің жетекшісі Алексей Коропченко.  width= 1980 жылғы Олимпиададағы Жақсылық Үшкемпіров, Сергей Котенко, Виктор Мазин, Владимир Муравьев, Надежда Ольхова, Шәміл Серіков, басқа да қазақстандық спортшылардың жетістіктері тарихта қалды.  width= 1980 жылы КСРО құрамасынада 20 қазақстандық спортшы болды, олар тоғыз спорт түрінен бақ сынады. Қазақстандықтар дүбірлі додада он алты медаль жеңіп алды.  width=