Алматы әкімдігі сауда үйінің алдындағы ұзын-сонар кезекке қатысты түсініктеме берді
Алматы әкімдігі сауда үйінің алдындағы ұзын-сонар кезекке қатысты түсініктеме берді
222
оқылды
Алматыда жұмыстарын қайта жаңғыртқан ШОБ нысандарында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына бақылау жүргізілуде, - деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысымен жабық нысандар жұмысы қайта жандвнды.  СОСО, сауда үйлері (бутиктер), сауда желілері, аумағы 500 шаршы метрден асатын дүкендер, жабық типтегі азық-түліктік және азық-түліктік емес базарлар (келушілер 30% аспауы керек, 1 келуші үшін 4 шаршы метрден); балаларға арналған түзету кабинеттері және ересектерге арналған білім беру орталықтары (топтар 5 адамнан аспауы керек, алдын ала жазылу бойынша) және т.б. жұмысын бастады. Қала тұрғындарының коронавирус инфекциясын жұқтыруын болдырмау мақсатында кәсіпорындар аумағында мониторингтік топтар санитарлық талаптардың сақталуы жөнінен бақылау жүргізеді. Мәселен, осыған дейін Grand Park сауда орталығының аумағында кезек пайда болды деген ақпарат түскен болатын. Осыған байланысты мониторингтік топ жедел түрде сауда орталығына келушілермен әлеуметтік қашықтық пен маска режимін сақтаудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қазіргі уақытта жағдай бақылауға алынған. Адамдардың қолайлылығы үшін СОСО басшылығымен күннен қорғайтын зонттар ұйымдастырылып, ішетін су берілді.
«Бүгін сағат 12-ден бастап Grand Park сауда ойын-сауық орталығына келушілер көбейіп, үлкен кезек туындады. Оның себебі бір бутикте 4 шаршы метр аумақта бір адамнан артық адам болмауы керек деген санитарлық талапты орындау болды. Бұл СОСО аудиттен өтті және барлық санитарлық талаптарға сай келеді» - деді Әуезов ауданының кәсіпкерлік бөлімінің жетекшісі Қуаныш Құрманғалиев.