«Nur Otan» партиясының партия ішілік іріктеуінің басталуына орай Шығыс Қазақстан облысындағы бастауыш партия ұйымдарында жиындар өтті.
Осы орайда Nur Otan партиясы Шығыс Қазақстан облыстық ұйымдастыру комитетінің мәліметі бойынша қазіргі уақытта облыс бойынша 12 үміткер тіркеліп үлгерді. Атап айтқанда Өскемен қаласынан үш, Семей қаласынан үш, Риддер қаласынан екі, Үржар ауданынан бір, Глубокое ауданынан бір, Алтай ауданынан екі үміткер тіркелген.
Праймеризге тіркеу басталған күннен-ақ шығысқазақстандық үміткерлер белсенділік танытуда.
Дәурен Аллабергенұлы,
Шығыс Қазақстан облысы.