«Аңырақай – 2019» оқу-жаттығуы өтті
«Аңырақай – 2019» оқу-жаттығуы өтті
172
оқылды

Қазақстан мен Қырғызстан Қарулы Күштері бөлім­ше­лерінің «Ыстықкөл – Аңырақай – 2019» бірлескен тактикалық арнайы оқу-жаттығуы өз мәресіне жетті. Екі елдің арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің оқу-жат­тығуы «Эдельвейс» оқу-жаттығу орталығының базасында өтті.

Теориялық және прак­­тикалық сабақтар бары­сын­да екі елдің әскери қыз­метшілері таулы, так­ти­калық арнайы даярлық элементтерін пысықтап, әскери топография мен бай­ла­нысты ұйым­дас­ты­­рудағы білімдерін жетілдірді.

Таулы дайындық ма­ңыз­­ды практикалық ке­зең болды. Қазақстан Қа­­ру­­лы Күштері әскери қыз­мет­­ші­­сінің айтуынша, біз­дің жеке құрам сақтан­ды­руды пай­далана отырып, тауға өр­ме­леу мен түсу, сондай-ақ таулы жерде қозғалу бо­­йын­ша жаттығуларды са­па­лы пысықтады.

Одан басқа, екі елдің әс­кери бөлімшелері құра­ма жасақ құрамында қар­сы­­лас­тың барлауына дайын­да­лу және жүргізу, заңсыз қарулы құралымдарды оқ­шау­лау бойынша арнайы опе­рацияны орындады.

«Ыстықкөл – Аңыра­қай – 2019» оқу-жаттығуы бір­­лескен жұмыста екі елдің бө­­лімшелерінің шынайы жа­­­уын­герлік әзірлігін, үй­ле­­сімділігін бағалауға мүм­кін­дік берді.

Қазақстан Қарулы Күш­­­тері­нің атынан оқу-жат­­ты­ғуға екі арнайы мақ­­­сат­тағы топ және бір бронь­­далған топ, сондай-ақ бар­лығы 30-ға жуық әскери қыз­мет­­ші.

Қазақстан мен Қырғыз­стан Қарулы Күштері бөлім­ше­лерінің мұндай бірлескен жұмысының форматы жиі түр­де жүргізіліп тұратынын ай­та кеткен жөн. Өткен жы­лы «Аңырақай – 2018» оқу-жаттығуына екі мем­ле­кет­тің 300-ден аса әскери қыз­мет­ші­сі қатысты.