Еліміздегі көшбасшы партия «Nur Otan» партиясы осыдан біршама уақыт бұрын партияішілік сайлау – праймериз өткізу туралы жариялады.
Праймериз туралы Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Н.Назарбаев үстіміздегі жылы наурыз айында өткен партияның Саяси кеңесі бюросының отырысында «Бұл партия атынан мәселелерді шешетін ең белсенді және сенімді мүшелерді анықтауға мүмкіндік беретін дұрыс шешім деп санаймын» деген болатын.
Осылайша халықаралық тәжірбиеде мойындалған партияішілік іріктеу тәсілін елімізде алғашқылардың бірі болып «Nur Otan» партиясы қолданысқа енгізді. Яғни Партия алдағы сайлауларға ұсынылатын адал, іскер, ел сенетін тұлғаларды іріктеп алмақ. Партияны жаңғырту бағдарламасында көрсетілген праймериз арқылы ашықтық пен жариялылыққа бағыт алған еліміздің саяси тарихында мəслихат пен Мəжіліске депутаттыққа үміткерлерді іріктеу тұңғыш рет праймериз тәсілі арқылы өтпек. Праймериз форматы жаңашыл азаматтарды іріктейді. Осылайша, сайлаушылардың мүдделерін білдіре алатын, белсенді азаматтар, одан әрі партиялық тізімдерге енгізу үшін іріктеледі.
Бүгінде «Nur Otan» партиясының Ақмола облысында 276 бастауыш партия ұйымына бірікккен 39 994 партия мүшесі бар. 248 дауыс беру орны мен дебат өткізетін 201 орын жасақталды. Елдегі карантин жағдайына байланысты партияішілік сайлау «онлайн» форматында жүргізіледі. Үміткерлерге дауыс беру партия мүшелері арасында жүргізіледі.
Пандемияға байланысты праймериз өткізу ережесіне өзгерістер енгізіліп, дауыс беру онлайн-форматта өткізілетін болды. Бұл азаматтар денсаулығының қауіпсіздігі және ашықтық пен қолжетімділікті арттыру үшін жасалған нақты қадам деп қабылдауымыз қажет. Өңірдегі интернеті баяу 7 шалғай елді мекендерде 338 адам дәстүрлі форматта бюллетен арқылы дауыс береді. Мұндай елді мекендерде бастауыш партия ұйымдарының базасында дәстүрлі түрдегі дауыс беру жүргізіледі. Барлық дауыс беру барысынан фото-бейнежазба жүргізуді жоспарлап отырмыз. Сондықтан, праймериз барынша әділ, әрі ашық өтетіндігіне сенім мол. Негізінен праймериздің өткізілуін бақылауды Партиялық бақылау комитеті, өңірлік және аумақтық партиялық бақылау комиссиялары жүзеге асырады. Сондай-ақ, үміткерлердің партия мүшесі болып табылатын сенімді өкілдері де дауыс беру процесіне байқаушы ретінде қатыса алады.
Праймериз елім үшін қызмет етемін деген азаматтардың ашық бәсеке арқылы өзін жан-жақты көрсетіп, мұратына жеткізетін таптырмас мүмкіндік. Сонымен қатар, барлық деңгейдегі мәслихаттарды жасақтау кезінде олардың құрамына әйелдердің кем дегенде 30% және 29 жасқа дейінгі жастар қатысады деп болжанады. Бастапқы нәтижелер бойынша «Nur Otan1 партиясы Төрағасының тапсырмасы бойынша әр мәслихат пен Мәжіліс үшін партиялық тізімдер құрылады, олардың құрамына әйелдердің 30% -ы және 35 жасқа дейінгі жастардың 20% -ы қатысады.
Партия өзгерістерге бастама жасауға дайын жастарға өзін таныту үшін кең мүмкіндік беріп отыр. Партияның құндылықтарымен бөлісетін және дауыс беруге құқығы бар кез келген азамат праймеризге қатысып беруші бола алады.
Өңіріміздің шынайы патриоттарын, жаңашыл және жауапкершілігі мол жерлестерімді елімізді дамыту мен өркендету мақсатында праймеризге белсенді қатысуға шақырамын!