Қазақстанда зорлық пен педофилияға қарсы жаза күшейеді
Қазақстанда зорлық пен педофилияға қарсы жаза күшейеді
149
оқылды

ҚР Үкіметінің кезекті отырысында премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смаилов мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауын жүзеге асыру жоспарын таныстырды.

Смаилов президенттің жолдауын жүзеге асыру бойынша іс-шаралардың Жалпы ұлттық жоспары әзірленгенін, жобаның 5 бағыт бойынша 81 іс-шарадан тұратынын хабарлады.

Бағыттардың бірі азаматтардың құқығын қамтамасыз ету және қорғауды қамтиды.

Оның аясында сот шешімдерінің сапасын жақсарту, «сот практикасының сандық анализі» жүйесін тестілеу және халықаралық озық тәжірибелерге негізделген Әкімшілік полиция комитетінің жұмысын қайта құру бойынша 15 шара қабылданатын болады.

«Жеке адамға қарсы бірқатар ауыр қылмыстар - жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық, браконьерлік, әкімшілік сот төрелігі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар енгізу, азаматтардың құқықтарын қорғаудың кепілдіктерін арттыру үшін 6 заң қабылдау жоспарлануда. 2020 жылдың соңына дейін Қарулы Күштер мен әскери құрылымдарды дамыту тұжырымдамасының жаңа нұсқасы қабылданады», - деп атап өтті Смаилов.