Қарағандыда полиция той өтіп жатқан жерді әншінің дауысынан тауып алды
Қарағандыда полиция той өтіп жатқан жерді әншінің дауысынан тауып алды
521
оқылды
Карантинге қарамастан Қарағандыдағы мейрамханалардың бірінде жас жұбайлар үйлену тойын жасаған. Сол маңда рейдте жүрген мобильді топ тойханадан шыққан әншінің дауысын естіп, тексеруге барады, - деп хабарлады 24.kz. Билеп жүрген қонақтардың ешқайсысы да бетперде тақпаған, арақашықтық туралы айтудың өзі артық. Нәтижесінде той тоқтатылып, мейрамхана қожайыны жауапқа тартылды.
"Аталған оқиға бойынша хаттама толтырылып, санитарлық дәрігерлерге жолданды. Ал тойхана қожайыны әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы бойынша жауапқа тартылды", - дейді Михайлов полиция бөлімінің басшысы Ерлан Есжанов.