Түркияда бір айдың ішінде 49 әйел өлтірілді
Түркияда бір айдың ішінде 49 әйел өлтірілді
130
оқылды

We will Stop Femicide таратқан ақпар бойынша Түркияда тамызда 49 әйел өлтірілген.

49 құрбанның 14-ін өз жұбайлары өлтірсе, сегізін – туысқандары, жетеуін – кездесіп жүрген ер адамдары, үшеуін – бұған дейін кездескен ер адамдары, екеуін – әкесі, екеуін – бұрынғы жұбайлары, біреуін – өгей баласы өлтірген.

Бұл қазаның үшеуіне экономикалық жағдай себеп болса, 10 әйел өздері қабылдаған шешімдеріне байланысты ер адамдардың қолынан жер құшқан (ажырасу, қарым-қатынастан бас тарту). Жеті өлімнің себебі күдікке іліксе, 29-ның себебі белгісіз.

Әйелдердің басым көбі үйде өлтірілген.