Табиғатты бүлдіргенге – 1,2 млн теңге айыппұл
Табиғатты бүлдіргенге – 1,2 млн теңге айыппұл
5,260
оқылды
Облыстық Полиция депар­таменті «Таза Қазақстан» рес­публикалық алдын алу іс-шарасы жалғасып жатқанын айтады. Өңір полицейлері бүгінге дейін 600-ге жуық хаттама толтырған.
«Бұл іс-шараны өткізудегі бас­ты мақсат – экологиялық құ­қық­бұзушылықтарды анықтап, жо­лын кесу, экологиялық жағдайды жақ­­сарту, облыс тұрғындарына қор­шаған ортаға, табиғатқа қам­қор­лық танытуды түсіндіру. Әсі­­­­ресе, адам көп жиналатын Жа­­­йық өзен жағалаулары, Ин­дер ауданындағы Тұздыкөл жа­ғалауы Жылыой ауданындағы Қа­мыскөл жағалаулары мен де­малыс аймақтарына рейд­тер ұйым­дастырылуда», – дей­ді облыстық Полиция депар­та­ментінің бастығы Қамза Үмбет­қалиев.
Оның айтуынша, су айдын­дарының жағалауларында ішімдік ішіп, мас күйінде жүруге қатысты – 21, жасыл желектерді бүлдіру – 28, белгіленбеген орындарда балық аулау – 47, рұқсат етілмеген жерде шомылу – 247, темекі мен қоқыс қалдықтарын лақтыру фактісі бойынша 27 дерек анықталды. Құ­қық бұзушыларға 1 242 680 теңге айып­пұл салынды.  

Айым БЕКТҰР