Бірақ мамандар күдіктіні «Қарасу» шекара бекетінде ұстады. Тәркілеу кезінде жүк көлігінен 19 тонна этил спирті табылды. Құжат бойынша әлгі адамның антисептик тасымалдаумен айналысатыны көрсетілген. Бірақ тексеріс кезінде көліктен санитайзер емес, спирт табылды. Тәркіленген өнім құны 40 млн теңгеден асады. Заңсыз іспен айналысқан адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.