Демалыс күндері локдаун жариялайды
Демалыс күндері локдаун жариялайды
240
оқылды
Өңірде қоғамдық көлік қатынасы жанданып, автобустар тұрақты түрде жүріп жатыр. Облыс орталығында күніне 180-нен аса қоғамдық тасымал көлігі  жолға шығады. Олар 100 мыңнан аса адамды діттеген жеріне жеткізеді. Автобөлшек және құрылыс заттарын сататын дүкендер мен базарлар, сауда үйлері де ақырындап  ашылуда. Ал сән салондары алдын ала жазылған тізім негізінде қызмет көрсетеді. Мектепке дейінгі мекемелер мен 30 адамға дейінгі тамақтану орындары да жұмыстарын жалғастыра бастады. Осындай жеңілдік жасалғанымен, жұмысына рұқсат етіл­ген нысандардың барлығы сақтық ша­раларын бұлжытпай орындаулары керек. Сонымен бірге облыста сенбі-жексенбі күндері қатаң карантиндік шектеулер қайта енізіледі. – Қазіргі кезде  облыста қауіпті аурудың тіркелу қарқыны 0,4 пайыз болып отыр. Тұрғындарды індеттен сақтау мақсатында сенбі-жексенбі күндері локдаун жариялаймыз. Бар­лық азық-түлік, азық-түлікті емес базарлар жабылады. Құрылыс дүкен­дері, қоғамдық көлік қозғалысы тоқ­тайды. Одан бөлек, сауда үйлері де жұмыстарын тоқтата тұрады, – дейді об­лыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз хатшысы  Әлия Шағиахмет.  

Болат АБАҒАН, Алматы облысы