Жетісай АПБ-не аудандық ауруханадан Келес тұрғынының дене жарақатымен түскені туралы хабарлама келіп түскен. Ақпарат алысымен полицейлер тексеру жұмыстарын жүргізді. Полицейлердің анықтауынша, жәбірленуші «Ауди» маркалы көлігімен ауыл арасында такси қызметін атқарып жүргенде бейтаныс адам отырған. Алайда көліктен түсерінде күдікті жүргізушіні себепсіз ұрып-соғып, қашып кеткен. Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жетісай аудандық полицейлерінен осы іске байланысты арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, тәртіп сақшылары екі күн бойы бұзақылық жасаған жігітті іздестіру жұмыстарын жүргізді. Соңында жинақталған ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке басы анықталып, ұсталды. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Жігіт өзінің бұзақылық әрекетін толығымен мойындады. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде.